Кітапханашылар медициналық қызметпен тегін қамтамасыз етіледі

5 Шілде 2023, 17:41
1393
Бөлісу:
Кітапханашылар медициналық қызметпен тегін қамтамасыз етіледі
Фото: ҚР КФ медиаорталығы

Жетісу облысының кітапхана қызметкерлерін тегін медициналық қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КФ медиаорталығының хабарлауынша, 3-5 шілде аралығында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды.

Жұмыс сапары Жетісу облысы, Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылындағы «Балпық» ЖШС ауыл шаруашылық құрылымын аралады.

Еңбек ұжымымен тілдескен ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Балпық» ЖШС жұмыскерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымын құру бастамасын қолдады.

Кәсіподақ – бұл адамдардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатындағы өзін-өзі ұйымдастыруы. Жұмыс беруші мен кәсіподақ әріптестер болып табылады және бүкіл кәсіпорынның табысты болуы олардың сындарлы өзара әрекеттестігіне байланысты. Ауылдағы еңбек қатынастарын бірлесіп дамыту қажет. Еңбек ету– әрбір қазақстандықтың конституциялық құқығы. Кәсіподақ құру арқылы сіз әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту үшін ғана емес, сонымен қатар, өзіңіздің еңбек ету құқығыңыз үшін, өз ұжымыңыздың, тұтастай алғанда бүкіл кәсіпорынның болашағы үшін жауапкершілікті аласыз. Өйткені, Әділетті Қазақстанның құрылысы оның әрбір азаматының жауапкершілігіне байланысты, - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен қатар Сатыбалды Дәулеталин Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Текелі қаласында болып, «Текелі энергетикалық кешені» ЖШС қызметімен танысып, жұмыскерлермен қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша түйткілді мәселелерді талқылады.

Еңбек адамы, оның денсаулығы – кәсіподақтар үшін басты құндылық. Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымдары биылғы жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында өткізіп отыр. Сондықтан, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселесі кейінге қалдыруды қажет етпейді. Облыстың кәсіподақ орталығына салалық кәсіподақпен бірлесе отырып, жұмыскерлерді оқытуды ұйымдастыруды және тез арада энергетикалық кешенге білікті техникалық инспекторларды дайындауды тапсырамын, - деді ҚРКФ басшысы.

ҚРКФ төрағасы Жетісу облысына жұмыс сапары аясында Талдықорған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық кітапханада болды. Сатыбалды Дәулеталинмен облыс орталығында өткен кездесуге облыс аудандарынан кітапханашылар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, мәдениет саласындағы әлеуметтік әріптестер келді.

Салада қордаланып қалған мәселелерді талқылау барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы «Еңбек» депутаттық тобының арқасында кітапханашыларды тегін медициналық тексеруден өткізу мәселесі қаралып, келесі сессияда мәслихаттың шешімімен кітапханашылардың пайдасына бекітілетіндігін жеткізді.

Біз сіздердің салаларыңыздағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесін тұрақты бақылауда ұстаймыз. Кәсіподақтар бюджеттік сала қызметкерлеріне базалық лауазымдық жалақы – БЛЖ негізіндегі жалақыны алып тастауды талап етіп келеді. Әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылдың арқасында бұл мәселеде ілгерілеушілік бар, яғни, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен тиісті ведомствадағы әлеуметтік әріптестер тиісті есеп-қисаптарды жүргізіп жатыр деп сендіреді. Кадр мәселесін шешу тікелей жалақы мөлшеріне байланысты екенін де түсінеміз. Бұл мәселелер тығыз байланысты және жүйелі шешімді талап етеді. Біз үкіметке тиісті заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар пакетін енгіздік, - деді ҚРКФ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы