Кітапханашы, мұражайтанушы, орманшылардың жалақысы өседі

23 Қараша 2021, 10:56
1771
Бөлісу:
Кітапханашы, мұражайтанушы, орманшылардың жалақысы өседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және т.б., шамамен 588 мың адам.

Еңбекминінің мәліметінше, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарылайды.

Сонымен қатар, биыл үшінші тоқсанның қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға, инфляцияны ескергенде – 6%-ға өсті. 

2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243,7 теңгеге жетіп, өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық деңгейді көрсетті. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 9,8%-ды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, келесі жылы 6,7 млн қазақстандықтың табысы өсетінін хабарлаған болатынбыз. 



Өзгелердің жаңалығы