Кітапханаларымызды жаңғыртуымыз керек - Көлгінов

19 Наурыз 2023, 11:15
482
Бөлісу:
Кітапханаларымызды жаңғыртуымыз керек - Көлгінов
Фото: facebook парақшасынан

Кітапханаларымызды жаңғырту туралы айтуды жөн көріп отырмын. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Өздеріңіз білетіндей, балаларымызды ерте жастан кітап оқуға баулу өте маңызды. Бұл олардың сауаттылығын арттырып, таным көкжиегінің дамуына ықпал етеді, сөздік қорын кеңейтеді, сол сияқты оқуда көмектеседі. Кітапханалар мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында бар, сол сияқты қалалық кітапханалар желісі де жұмыс істеп тұр. Біз кітапханаларымызды жаңғырту жұмысымен айналысып жүрміз,- дейді ол.

Айтуынша, кітапханалар тек білім орталығы ғана емес адамның бос уақытын пайдалы өткізетін, қатарластарымен әңгіме-дүкен құратын орын да болуы керек.

Кітапханалардағы жұртшылыққа қолжетімді кітаптың жалпы қоры 74 млн дананы құрайды, электрондық каталог көлемі - 29,9 млн бірлік. Жыл сайын кітапхана қорын 1,5 млн-нан астам кітаппен толықтыратын боламыз. Себебі оқырман тарапынан сұраныс бар. Өткен жылдың өзінде кітапханаларға 52 миллионнан астам адам келді. Бұл бізді қуантады, - дейді ол.

Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар жандарға қызмет көрсететін арнайы кітапханалар да бар екенін тілге тиек етті.

 Көз жанары көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханаларда электронды ақпарат тасығыштары, нүктелі-бедерлі шрифтпен басылған әдебиеттер және т.б. бар. Республика бойынша зағип азаматтарды кітапханамен қамту көрсеткіші 30%-дан астамды құрайды., дейді Көлгінов.

Бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен артады.

Цифрландыру жүйесіне байланысты кітапханалар жұмысының тұжырымдамасы да өзгеріп жатыр. Еліміздің кітапханаларында кітап қорын цифрландыруды қамтамасыз ету, цифрлық өлкетану коллекцияларын құру, өзекті құжаттардың электрондық коллекцияларын қалыптастыру және т.б. бойынша жұмыс тұрақты жүріп жатыр. Сондай-ақ шетел кітаптарын қазақ тіліне аудару жұмысы жалғасады. Жоғарыда айтылған шаралар қажетті ақпаратқа қолжеткізуге мүмкіндік береді, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы