Қытайлық АҚШ-қа кір жуғыш машинаның ішіне тығылып өтпек болған

11 Желтоқсан 2019, 13:45
7718
Бөлісу:
Қытайлық АҚШ-қа кір жуғыш машинаның ішіне тығылып өтпек болған
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оның басқа отандастары сандыққа, комодқа және басқа да жиһаздарға тығылған көрінеді. Шекарашылар олардың барлығын ұстады.

АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды. 

Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

2442658.jpg

Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді, - делінген хабарламада.

Қытайлықтардың ешқайсысы айтарлықтай зардап шекпеген.

Фураның жүргізушісі 42 жастағы АҚШ азаматы тұтқындалды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы