Кипрде қазан айында күн қатты ыстық болады

3 Қазан 2022, 16:47
1139
Бөлісу:
Кипрде қазан айында күн қатты ыстық болады

Кипрде күздің екінші айы аптап ыстықпен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews.com таратқан мәліметке сәйкес, осы демалыс күндері ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілген.  

Никосия тұрғындары әсіресе ауаның қатты ластану кезеңінен кейін орын алған ыстыққа шағым айтуда. Көпшілігі электр жарығының қымбаттауына байланысты ауа баптағышты қоспай, далаға немесе кафеге кіріп ыстықтан қорғанып жүр.

 Қазан айында күннің ысып кетуін мамандар жаһандық жылынумен байланыстырып отыр.  

Өзгелердің жаңалығы