Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді – Тоқаев

14 Наурыз 2020, 22:54
1739
Бөлісу:
Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында осылай жазды.

Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады, – деп жазды Тоқаев.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 адамға жеткенін жазған болатынбыз. Кеше ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов екі қазақстандықтан коронавирус анықталғанын айтқан. Кейін ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, коронавирус белгілерімен тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатқанын хабарлады. Коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-Сұлтанда анықталды. Сонымен қатар Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус белгісі анықталды. Бүгін Алматы және Нұр-Сұлтан қаласынан тағы екі кісінің індетке шалдыққаны белгілі болды.
Өзгелердің жаңалығы