Коронавирус: Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатыр

13 Наурыз 2020, 16:29
1848
Бөлісу:
Коронавирус: Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тағы бір қазақстандық Германияда ауруханада жатыр. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Германиядағы Қазақстан елшілігіндегі дипломаттың біріне қонақтар келгенін растаймыз. Олар Еуропада жеке шаруаларымен болған. Бірнеше күннен кейін дипломаттың әкесінен коронавирус инфекциясын жұқтырған симптомдар пайда болды. Одан кейін ол ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жағдайы жақсарды, жеке палатадан ортақ палатаға шығарылды. Оның зайыбы мен ұлы неміс дәрігерлерінің бақылауында, карантинде, - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінде.

Естеріңізге сала кетейік, Германиядан келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Олар Алматыдағы стационарға жатқызылды. Қазір жағдайлары жақсы. Сондай-ақ, елімізде коронавирусты анықтайтын 9907 тест қалды. Министрлік тағы 100 мың тестке тапсырыс бергендігі туралы да айтқан едік.
Өзгелердің жаңалығы