Кімдердің жәрдемақысы өсті

10 Қазан 2023, 11:43
3021
Бөлісу:
Кімдердің жәрдемақысы өсті
Фото: Арман Мухатов - архив

Елімізде заң бойынша әлеуметтік осал топтағы азаматтарға мемлекеттен әлеуметтік төлемдер беріледі. Олардың қатарында көпбалалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ардагерлер мен мүгедектігі бар азаматтар бар. Бүгінгі күні әлеуметтік төлем көлемі ұлғайтылды. Кім қанша теңге алатынын есептеп көрейік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб азаматтардың жекелеген санаттарына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін түсіндіріп берді.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының негізгі міндеттерінің бірі – елорда тұрғындарын, оның ішінде мүгедектерді, зейнеткерлерді, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, көпбалалы отбасыларды және аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қорғау.

Елордада қанша адам әлеуметтік көмек алады?

Қазанды әлеуметтік ай деп айтуға болады. Мысалы, 1 қазан күні Қарттар күнін, 8 қазан күні Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күнін атап өтсек, алда Әлеуметтік қызметкерлер күні келе жатыр. Бізде әртүрлі әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 1 қазан Қарттар күніне орай зейнеткерлерге 2,5 АЕК мөлшерінде 8 625 теңге бір реттік төлем төленді. Сонымен бірге Мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау күніне орай да дәл осы сома төленеді. Төлем 20 қазанға дейін жүргізіледі, - деп айтты ол.

Биыл 185 мың адам әлеуметтік қолдаумен қамтылды.

Оның ішінде:

- 121 362 - зейнеткер, олардың 8 – ҰОС ардагері;

- 33 мың – мүгедектігі бар адам, оның 8 мыңы мүгедектігі бар балалар;

- 27 мыңнан астам көпбалалы отбасылар, 5 738 – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері, көпбалалы аналар;

- 13 мың – аз қамтылған азаматтар.

Әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру және мұқтаж азаматтарды көбірек қамту мақсатында былтыр төлемдердің мөлшерін ұлғайту және қызмет алушылардың санаттарын кеңейту бойынша 13 қосымша шара енгізілді, - дейді Илья Скуб.

Әлеуметтік төлем қанша теңгеге өсті?

Мекеме басшысының айтуынша, газды қосу және жеткізу бойынша шығындарды өтеуге төлемдер 90 АЕК (286 200 теңге) 130 АЕК (448 500 теңге), табиғи апат немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы ұлғайтылды. Тұрғын үй жоғалған, бүлінген немесе айтарлықтай бүлінген жағдайда отбасына 65 АЕК-тен (206 700 теңге) 400 АЕК (1 380 000 теңге), қайтыс болған адамға (отбасы мүшелері қайтыс болған жағдайда) 15 АЕК-тен (47 700 теңге) 150 АЕК (517 500 теңгеге) дейін, атаулы әлеуметтік көмек төлеу мөлшері Астана бойынша 90 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге қосымша көмек алушылар қатары кеңейтілді. Мысалы, жетім балаларға газқа қосылу және қатты отын сатып алу үшін өтемақымен, сондай-ақ қалалық көлік бағыттарында жүріп-тұру үшін төлеммен саяси қуғын-сүргін құрбандары қамтылады. Бұрын-соңды елордада мұндай көмек көрсетілмеген, - деп түсіндірді ол.

Көпбалалы отбасыларды санаты қосымша енгізіліп, қатты отынды сатып алу үшін төлем мөлшері 8 АЕК-тен (25 440 теңге) 16 АЕК-ке (50 880 теңге) ұлғайтылды. Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын балаларға төленетін төлемдердің мөлшері мен кезеңділігі 5 АЕК-тен (15 900 теңге) 25 АЕК-ке (79 500 теңге) дейін ұлғайтылды.

2023 жылы әлеуметтік көмектің мөлшері басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, ҰОС ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге және 1986 жылы 17-18 Қазақстанда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандарына коммуналдық төлемдер бойынша көмек мөлшері 2,4 АЕК-тен (8 280 теңге) 4,5 АЕК-ке (15 525 теңге) дейін ұлғайтылды. Ауғанстаннан әскерлер шығарылған және Чернобыль АЭС-індегі апаттан зардап шеккендер күні төленетін төлем мөлшері 35 АЕК-тен (120 750 теңге) 45 АЕК-ке (155 250 теңге) ұлғайтылды, - деп айтты Илья Скуб.

2024 жылы не өзгереді?

Бүгінде қалалық мәслихатта басқармаға келіп түскен өтініштер бойынша азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша келесі ұсыныстар қаралып жатыр:

1) 9 мамырға (Жеңіс күніне) біржолғы төлемді көбейту:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне (8 адам) 67 АЕК-тен (231 150 теңге) 1 млн теңгеге дейін;

- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы соғыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге жеңілдіктер бойынша теңестірілгендерге 35 АЕК-тен (120 750 теңге) 45 АЕК-ке (155 250 теңге) дейін;

2) 16 желтоқсанға (Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысушылардың қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары, «Қазақстан Республикасының Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға бір реттік төлемнің 2,5 АЕК (8 625 теңге) 60 АЕК-ке (207 000 теңге) дейін ұлғайту;

3) 35 АЕК-тен (112 035 теңге) 55 АЕК-ке (189 750 теңге) дейін жеке көмекші қызметі үшін жеке оңалту бағдарламасында бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға еріп жүретін адамдарға санаторлық-курорттық емдеуге жұмсалған шығындарды өтеу.

4) Қағидалардан «өмірлік қиын жағдай» ұғымын алып тастауға байланысты 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде дәрі-дәрмекке кеткен шығындарды өтеу бойынша әлеуметтік көмек алынып тасталды.

Бұл ретте, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру мақсатында мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі) біржолғы төлем түрінде әлеуметтік көмек мүгедектікке қарай сараланған мөлшерде көрсетіледі. Шамамен 33 мың адамды қамтимыз. Оған 1 млрд теңгедей қаржы көзделіп отыр, - деді Илья Скуб.

- 1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға 20 АЕК (69 000 теңге) дейін,

- 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға 10 АЕК (34 500 теңгеге) дейін;

- 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 АЕК (17 250 теңге) дейін.

5) Сондай-ақ жасы бойынша зейнеткерлерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтуды арттыру үшін жасы бойынша зейнеткерлер мен еңбек ардагерлері екі жылда бір рет жолдамамен қамтамасыз етіледі.

Бұл шаралар келесі жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.

Өзгелердің жаңалығы