Кімдер онлайн форматта оқуы мүмкін?

11 Тамыз 2021, 11:44
2016
Бөлісу:
Кімдер онлайн форматта оқуы мүмкін?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Ведомство басшысы педагогтер мен қызметкерлер 100% вакцина алған кезде дәстүрлі оқыту форматына көшуге болатындығын алға тартқан еді.

Денсаулық сақтау министрі жаңа оқу жылында білім беру мекемелеріне қатысты жаңа санитарлық ережелері бекітілгенін айтты.

Құжатқа сәйкес, қашықтан оқытуға ауыстыру мектепте санитарлық-эпидемиологиялық режимнің бұзылуы анықталған жағдайда, сондай-ақ жақын байланыста болған тұлғалардың санына қарай сараланып, жүзеге асырылатын болады. Вакцинацияланбаған студенттер онлайн оқытуға ауыстырылады, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ бұдан былай оқу мекемелеріне, кітапханалар мен жатақханаларға кірерде Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып табылады. Мұнымен қоса, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды сақтау шарт. Бұл педагог, қызметкерлер мен ата-аналар арасында инфекция жұқтырғандарды, вакцинацияланбағандар мен байланыста болғандарды бақылау үшін қажет көрінеді.

Денсаулық сақтау министрі педагогтар мен мектептегі қызметкерлерді вакцинациялау аяқталуға жақын деп отыр. Енді 18 жастан асқан студенттерге екпе салу басталды.

Қазіргі уақытта өңірлік комиссиялар құрамымен аймақтық департаменттер жаңа оқу жылының қарсаңында мектептердің дайындығына мониторинг жүргізіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы