Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр

7 Шілде 2022, 16:52
1360
Бөлісу:
Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Қазақстанда киік санын реттеу қажет пе?» атты жиын өтіп жатыр.

Аталған шараға эколог, зоолог, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруалар және қоғам белсенділері қатысты.

Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр

Жиын барысында киіктер санының күрт өсіп, БҚО, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облысындағы шаруаларға қолайсыздық тудырып отырғаны айтылды.

ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің төрағасы  Нұрлан Қылышбаевтың айтуынша, киіктер санының күрт төмендеуіне байланысты 1999 жылдан бастап 2023 жылға дейін оларды пайдалануға тыйым салынған. Бұл ретте 2005 жылдан бастап республика аумағында мамандандырылған  «Охотзоопром» ұйымы жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды іске асырып келеді екен. Оның негізгі міндеті – киіктердің және басқа да сирек кездесетін тұяқты жануарларды қорғау және олардың санын қалпына келтіру.

Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр
Киіктер шаруаларға қолайсыздық туғызып отыр

Киіктерді сақтау бойынша мемлекетпен қабылданған шаралардың арқасында Ақбөкендер санының азаюы тоқтап, едәуір өсті. Мәселен, 2003 жылы киіктің саны 21 мың болса, 2022 жылы 1 млн 318 мыңға дейін жеткен. Кеңес үкіметі кезінде ең көп өсім 1 млн 200 мың бас болған. Есепке алу деректері бойынша, БҚО-да 801 мың бас киік бар. Бұл жайылымдар мен суаттар үшін қолайсыздық туғызып отыр. Сонымен қатар Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында да киіктер ауыл шаруашылығы дақылдарын таптап, зиянын тигізіп жатқан деректер бар, – деді ол.

Сонымен қатар ол киік санын қалыптастыру бұл – Қазақстанның жетістігі екенін айтып өтті. Әлемдегі киіктер популяциясының 95%-ы біздің елімізде шоғырланған екен.

Киік – ұлтымыздың бренді. Оны ретті басқару алдымызда тұрған міндет. Сондықтан оның санын реттеуді ғылыми негізге сүйене отырып, жүйелі шешу қажет. Осы мәселені реттеу үшін Орман шаруашылығы және Жануарлар комитеті, Білім министрлігінің зоология институты биологиялық негіздемені пайдалануға шарт жасады, – деді  Нұрлан Қылышбаев.

Өзгелердің жаңалығы