Киік етіне сұраныс жоқ: АШМ жағдайды түсіндірді

Елімізде киік етіне жоғары сұраныс жоқ, сондықтан өңдеуші кәсіпорындарда өнім қоры көбейген.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 13:49
Бүгiн 2026, 13:49
139
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкіметте өткен брифингте киік етіне деген сұраныс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде киік етіне жоғары сұраныс жоқ.

Өкінішке қарай, қазіргі кезде киік етіне сұраныс аса жоғары емес. Өңдеуші кәсіпорындарда өнім қоры жиналып қалған, – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министр бұл жағдайдың себебін түсіндірді.

Бұл ең алдымен Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіруге қатысты өзіне алған міндеттемелерімен байланысты. Өткізу арналарының аясын кеңейту үшін Экология министрлігімен, Сауда министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұсынылған баға өзгерген жоқ. Сонымен қатар өңдеуші кәсіпорын ретінде пайдалануға ұсынылған ет комбинаттарының саны да өзгеріссіз қалып отыр, – деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстанда киік төлдеріне GPS-датчик орнатылып жатыр. 

Наверх