Киевте тікұшақ құлады. Ішінде Украинаның Ішкі істер министрі болған

18 Қаңтар 2023, 14:49
1652
Бөлісу:
Киевте тікұшақ құлады. Ішінде Украинаның Ішкі істер министрі болған

Киев облысының Бровары қаласында тікұшақ апатқа ұшырады, деп жазады BAQ.KZ.

Апаттан 16 адам қаза тапты. Қаза тапқандар арасында Украинаның Ішкі істер министрі Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин болған, - деп хабарлады Украина ұлттық полициясының басшысы Игорь Клыменко.

Тікұшақ  тұрғын үй маңына құлаған.

Әзірге апаттың себебі - белгісіз.

16 адам қайтыс болған, оның екеуі бала.  Тоғызы да тікұшақтың бортында болған. Зардап шеккендердің 22-сі ауруханада жатыр, оның 10-ы балалар, - деп жазды Клименко  Facebook желісіндегі парақшасында.

Денис Монастырский 2021 жылдың шілде айынан бері Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы қызметін атқарып келеді. Евгений Енин сол жылдың тамызында  орынбасары болып тағайындалған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы