Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты Елнұр Бейсенбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен балалар құқығын қорғау бойынша кейбір заңнамалық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша брифинг барысында айтты.
Баланың құқығын қорғау мен оны қолдауға арналған заңдарға өзгерістер енгізу бойынша қоғам ішінде түсініспеушілік туындап отыр. Оның басты себебі әлеуметтік желілер мен whatsapp мессенджерлерінде шынайы емес ақпараттың таратылуы. Олардың көбі дәйексіз халық арасында талқыланды. Көптеген қоғам белсендісі бұл түсініктің «қазақ дәстүріне қарсы, қазақилықты жоюға жұмыс жасау үшін енгізіліп отыр» деп түсініп отыр. Бұл – олай емес. Керісінше өзге баланың қадірін құрметтеу мен оны сыйлауға бағытталады, - деді ол.
Оның айтуынша, білім беру мекемелеріндегі жәбірлеуді болдырмау және оған жауап беру үшін жүйелі шараларды қабылдау қажетін көрсетіп отыр.
Мысалы ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, еліміздегі оқушылардың 12 пайыздан астамы жәбірлеуге ұшырауы мұмкін. Өткен жылдың өзінде 143 жасөсіпірім өзіне қол жұмсаған болса, 306 бала бұған әрекеттенген. Әлем бойынша суицидтен алдыңғы қатарлы елдердің алдында тұр. Жұмыс тобы «жәбірлеу» түсінігін тек ұғым ретінде қарастырып отыр. Тек алдын алу шара ретінде қаралады, - деді ол.
Депутат атағандай, бұл құбылыс мектептердегі жұмыстың бірізді емес екенін айтуға болады.
Жәбірлеудің жалғасы ретінде кибербуллингтің орын алу қаупі аса жоғары. Баланың психикасына, жеке басына байланысты кемсітетін іс-әрекетті әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке тарату. Бұл түсінік бойынша әкімшілік немесе қылмыстық іс-әрекеттерді енгізу қарастырылмаған. Яғни түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Кінәлілерді анықтау қарастырылмаған. Мектепте орын алған жағдайлар бойынша Президент Парламенттің 1-сессиясының ашылуында буллингтің алдын алу мәселесін шешу үшін шаралар қабылдау керек екенін айтты. Жолдауда да кибербуллингтің алдын алу бойынша шара қабылдау керегін айтты, - деді Бейсенбаев.