Хоккейден Қазақстан кубогінің үздіктері анықталды

26 Тамыз 2019, 23:04
1818
Бөлісу:
Хоккейден Қазақстан кубогінің үздіктері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыздың 18 мен 24 аралығында Алматы тұңғыш рет шайбалы хоккейден ҚР-ның кубогін қабылдады. 17-ші өткен Кубокте екі топқа бөлінген 10 кәсіби команда қатысты.

«А» тобы: «Бейбарыс» (Атырау), «Ертіс», (Павлодар), «Алтай-Торпедо» (Өскемен), «Горняк» (Рудный), «Астана» (Нұр-Сұлтан)

«Б» тобы: «Арлан» (Көкшетау), «Құлагер» (Петропавл), «Алматы» (Алматы), «Теміртау» (Теміртау), «Ақтөбе» (Ақтөбе)

Әр команда өзінің тобындағы қарсыласымен бір ойын өткізіп, алғашқы раундтың қорытындысы бойынша, топта үздік болып шыққан командалар – автоматты түрде финалға жолдама алды. Екінші орын алған командалар жарыстың қола медальдарына таласты. Осылайша, ақтық сынға Өскеменнің «Алтай-Торпедосы» мен Петропавлдың «Құлагері» шықты. ШҚО-ның өкілдері бірінші минуттардан өз ойын-өрнегін таңып, нағыз чемпионға лайық қысым көрсетіп – екі дүркін Кубок иегері атанды!

Айта кетейік, командалар басқа қалалардың өкілдері болғанмен финалдық ойынга 2000 көрермен жиналды. Жарыстың қола медальдарын жергілікті «Алматы» мен Атыраулық «Бейбарыс» таласқа салды. Ауыр әрі жігерлі текетіресте Қазақстанның қазіргі чемпионы «Бейбарыс» оңтүстік хоккейшілерге дес бермеді. Кездесудің нәтижесі 3:0.

Жарыстың қорытындысы бойынша келесі номинацияларда үздік деп табылғандар:

Үздік қақпашы – Андрей Янков («Құлагер»)

Үздік шабуылшы – Илья Ахметов («Құлагер»)

Үздік қорғаушы – Адиль Бекетаев («Алтай-Торпедо»)

Үздік жас ойыншы – Демид Еремеев («Теміртау»)

Марапаттау рәсімінде Алматы қаласының әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының федерацияларының өкілдері: Е. Бабакумаров, Ж.Альжанов, Г.Каратаев ат салысты.

Ескерте кетейік, 17 мен 20 қыркүйекте Алматы сондай-ақ алғашқы рет КХЛ континенталдық хоккей лигасының матчтарын қабылдайтын болады. «Алматы-аренада» «Барыс» Мәскеулік «Спартак» пен Челябинсктің «Тракторымен» кездесулер өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы