Хоккей. "Барыс" сапындағы "бір тал гүл"

29 Қараша 2019, 10:51
1983
Бөлісу:
Хоккей. "Барыс" сапындағы "бір тал гүл"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы №76 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Ихсана Мадиярқызы - Барыс хоккей клубы ұлдар командасы құрамындағы жалғыз қыз бала. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Хоккеймен 5 жасынан бастап айналысатын кішкентай жұлдыз аталмыш клуб сабында 3 жылдан бері өнер көрсетеді.

Қазіргі күні алдыңғы қатарлы ойыншылардан қалыспай жүрген Ихсана Канада елінен келген Хоккей федерациясы елшісімен кездесуге арнайы шақырылған. Анасының айтуынша, қызының хоккейге қызығушылығы отбасымен бірге ҚХЛ шеберлік ойындарын тамашалағаннан соң пайда болған. Кейін Барыстықтар қабылдау жүргізгенде ойланбастан құжат тапсырған. Алғашқы жаттығулардан-ақ бапкер қыз баланың ерекше дарыны барын байқаған, - делінген хабарламада.

Алдағы уақытта Ихсана түрлі додаларда үлкен табысқа жетеді деп сенеміз.
Өзгелердің жаңалығы