Халықаралық сертификаттар тізімі тағы екеумен толықты

12 Маусым 2020, 19:20
1821
Бөлісу:
Халықаралық сертификаттар тізімі тағы екеумен толықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды.

Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

2020 жылы магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың тізімі IELTS INDICATOR (Айтлс Индикатор) және Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) сертификаттарымен толықтырылды.
Аталған тестілер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы тек электронды форматта тапсырылады, - делінген ведомство хабарламасында.

Магистратура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес. Докторантура үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес. 

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды. 

Айта кеткен жөн, шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат тек докторантура үшін міндетті болып табылады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін IELTS INDICATOR немесе Duolingo English Test халықаралық сертификаттарын ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы