Халық санағын келесі жылға ауыстыру ұсынылды

29 Шілде 2020, 16:28
1345
Бөлісу:
Халық санағын келесі жылға ауыстыру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған.  Санақ жүргізу персоналдың халықпен тікелей байланысын, түрлі үй шаруашылықтарына баруын қамтиды. Коронавирус инфекциясының жаппай таралмауы үшін Ұлттық экономика министрлігі биыл өтетін халық санағын келесі жылға ауыстыру туралы Үкіметке ұсыныс айтты. Басты себеп - санаққа қатысушылар мен санақты жинайтын персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз, - деді ол.

Айта кетейік, бүгінгі брифинг барысында министр мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмыспен қамтуды қалыптастыру шараларымен жыл соңына дейін 1,2 млн-нан астам адам қамтылатынын айтқан болатын. Сонымен қатар,  экономиканың ең көп зардап шеккен 29 секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша нөлдік ставкалар белгіленін атап өтті. Министр сондай-ақ, Қазақстанға коронавирус індетінің екінші толқыны келер болса, Еңбекақы төлеу қоры тарапынан шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін жыл соңына дейін салық төлеуді кейінге қалдыру мерзімінің ұзартылуына қатысты пікір білдірді.
Өзгелердің жаңалығы