Халық сақтық шараларына құлақ аспай отыр – дәрігер

26 Маусым 2020, 18:42
1381
Бөлісу:
Халық сақтық шараларына құлақ аспай отыр – дәрігер

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Санитар мамандары осы аптада Алматыдағы 150-ге жуық бизнес нысанына тексеріс жүргіз. Мамыр айынан бері 3,5 мың тексеру жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайы бәсеңдемей тұр. Соған байланысты қалада демалыс күндері шектеу шаралары енгізілген.
Қазіргі таңда Алматыда 3,5 мыңнан астам науқас инфекция жұқтырған. Біз клникалық көмекке жүгінгендерге назар аударудамыз. Инфекцияны жұқтыру азаймай тұр, соңғы апталарда коронавируспен ауырғандар санының екі есе өскенін көріп отырмыз. Халыққа эпидемиялогиялық сақтық жөнінде қанша айтқанымен ол жеткіліксіз болып тұр. Қаланың әр ауданында мониторингті топтар құрылған, олар сауда нысандары карантин шараларын қалай ұстанып жатқанын күнде тексереді. Бизнес нысандары тіптен түн уақытында да тексеріліп жатыр,-дейді ол. 

Санитар мамандар осы аптада бизнес нысандарына 150-ге жуық тексеріс жүргізген. Мамыр айынан бері 3,5 мың тексеру жүргізілген. Шағын және ірі кәсіпкерлік арасында да карантин ережелерін бұзып, әкімшілік жауапқа тартылғандар бар. 
Сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарында санитайзер сияқты өңдеу құралдарымен қоса жұмысшылар маска тағып қорғаныш нормаларын ұстану қажет. Жұмысшылардан бастап, келген клиенттердің дене қызуын өлшеп отырулары керек. Осындай қарапайым ережені ұстамағаны үшін оларға айыппұл салып, ескерту беріліп жатыр,-дейді Ә. Халықова.

Өзгелердің жаңалығы