Қазақстан Халал сертификаттау жүйесін енгізуді жеделдетеді

5 Наурыз 2020, 17:16
1440
Бөлісу:
Қазақстан Халал сертификаттау жүйесін енгізуді жеделдетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Халал индустриясы саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.

Халал өнімдері жоғары сұранысқа ие елдермен ынтымақтастығымызды тереңдетуге деген біздің ұмтылысымыз сіздерге мәлім. Алайда Халал аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға (IНAF) мүше елдермен экспорттық-импорттық сауданы алға қою үшін Халал стандарттарына сәйкестік сертификатының болуы міндетті шарт. Сондықтан біз IHAF мүше елдерінің ұлттық аккредиттеу органдарымен тығыз жұмыс атқарудамыз - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда 2020 жылдың қаңтар айында БАӘ Экономика министрі Сұлтан Бин Майид Аль Мансуримен біздің Халал сертификаттарымызды "түйістіру" мәселесі талқылғанған.

Ақпан айында Біріккен Араб Әмірліктері (ENAS) және ҚР (ҰАО) ұлттық аккредиттеу органдардың бірінші басшыларының 40 әлеуетті өңделген қазақстандық тауарлардың, соның ішінде Халал азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың экспортын арттыру мәселесі бойынша келіссөздері басталды. Аккредиттеу органдары өнім нарығына қол жеткізу жөніндегі барлық талаптарды пысықтау үшін бірлескен жұмыс тобын құру және әрбір тауар позициясы бойынша саудадағы техникалық кедергілерді азайту жөніндегі шаралар туралы уағдаласты - дейді Бақыт Сұлтанов.

Министр бұл саладағы ең негізгі жаңалық Халал аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумның (IHAF) Директорлар кеңесінің отырысында Қазақстанды аккредиттеу жөніндегі органның мәртебесін толық құқықты деңгейге көтеру туралы оң шешім қабылданғаны екенін айтады.
Бұл Қазақстандағы Халал сертификаттау жүйесін енгізудің жеделдеуін білдіреді. Өз кезегінде бұл отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне және қазақстандық тауарлардың Парсы шығанағы елдерінің және IHAF мүше мемлекеттердің нарығына экспортына оң әсерін тигізеді - дейді Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы