ҚХА атынан сайланатын депутаттарға дауыс беру аяқталды

11 Қаңтар 2021, 11:39
943
Бөлісу:
ҚХА атынан сайланатын депутаттарға дауыс беру аяқталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауы аяқталды. 

Комиссия дауыс санауға кірісті. Сайлау қорытындысы дауыс саналған соң белгілі болады. ҚХА-сессиясына тіркелген барлық мүше дауыс берді. 

Атап өтсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та дауыс берген еді. Тағы кімдер дауыс бергені туралы мына жерден оқи аласыздар. 

Ассамблея атынан Сауытбек Абдрахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов сынды үміткерлер қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы