Nur Otan партиясы үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді– Елбасы

11 Қаңтар 2021, 11:24
1312
Бөлісу:
Nur Otan партиясы үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді– Елбасы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  дауыс берді. 

Елімізде үлкен сайлау болды. Бұл сайлауда Nur Otan партиясы үлкен жеңіске жетіп, халықтың сеніміне бөленді. Сондықтан алдымызда үлкен жұмыстар тұр. Бүгін біз Конституциямыз бойынша ҚХА-ның сайланатын 9 кандидатқа дауыс бердік, - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Елбасы ҚХА 25 жылдан бері қарай еліміздегі көп этнос пен көп діндерді бір-біріне жақындастыратын, толеранттылыққа тәрбиелейтін, елімізді алға жетелейтін бірегей орган болып келе жатқанын айтты.
Басқа елдер мен халықтар бізден үйреніп жатыр. ҚХА-дан сайланатын депутаттарымыз елдің бірлігін сақтап, әр этностың құқығын сақтап, барлық халықты қазақ халқының төңірегінде біріктіру үшін жұмыс істейді, - деді Елбасы.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 үміткер бар. ҚХА құрамында 504 мүше бар. 

Атап өтсек, Сауытбек Әбдірахманов, Аветик Амирханян, Ильяс Буларов,Наталья Дементьева, Юрий Ли, Вакиль Набиев, Шамиль Осин, Владимир Тохтасунов, Абилфас Хамедов.

Өзгелердің жаңалығы