Кейбір қазақстандық медициналық сақтандыру төлемінен босатылады

22 Ақпан 2024, 16:12
504
Бөлісу:
Кейбір қазақстандық медициналық сақтандыру төлемінен босатылады
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстандықтардың кейбір санаттары міндетті медициналық сақтандыруды төлемейді. Олар үшін мұны әкімдіктер жасайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы толық мәліметті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде Әлназарова 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмыс деңгейі өте төмен қазақстандықтарды жергілікті бюджеттен сақтандыру қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Кейін министрден медициналық сақтандырумен қамтылатын қазақстандықтардың әл-ауқатының деңгейі қалай анықталатыны және елде мұндай азаматтардың саны қанша екені сұралды.

Бұл өте маңызды мәселе өйткені біз халықты медициналық көмексіз қалдырмауымыз керек. Былтырғы жылы Әлеуметтік кодекс қабылданып, цифрлық отбасы картасы енгізілген еді. Өткен жыл бойы цифрлық отбасы картасы толтырылды, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы қанша отбасының табысы белгіленген мөлшерден төмен екенін көріп отырмыз, - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, Қазақстан халқы шартты түрде бес санатқа бөлінген.

Біз Е санатын алсақ. Ресми мәліметтер бойынша онда 192 мың адам бар. Бұл санат үшін біз әкімдіктер төлеуі тиіс сақтандыру жарналарының мөлшерлемесін белгілеуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге бізде С және D санаттары бар. Негізінен тәуекелдер бар, бірақ көлеңкелі экономиканың айтарлықтай жоғары үлесін ескере отырып, бұл мәселе жалпыға бірдей декларациялау кезеңімен синхрондалатын шығар, - деп қосты Әлназарова.

Өзгелердің жаңалығы