Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан зейнетақы қорынан ашылған ЕЗЖ-ға аударылады

19 Сәуір 2022, 12:51
1583
Бөлісу:
Кепілдік өтемақының талап етілмеген сомасы ҚДКБҚ-дан зейнетақы қорынан ашылған ЕЗЖ-ға аударылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 мамырдан бастап «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-да бір жыл ішінде кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтем ақшасы БЖЗҚ-да депозит иелерінің атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарына аударылатын болады. 

Бұл туралы зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабалады.

Кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомасы депозит иелері тізіліміндегі ақша салушының дербес деректері салымшының БЖЗҚ-дағы дербес деректеріне сәйкес келген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты бар болса, сондай-ақ, БЖЗҚ-дағы депозит иесінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар ЖЗШ болған кезде ЖЗШ-ға есепке алынады. 

Яғни, салымшыларға БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ – аталған шарттар сақталған жағдайда ҚДКБҚ аударған қаржы ЕЗЖ есепке алу үшін автоматты түрде БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-ға аударылады. 

ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға аударылған талап етілмеген кепілді өтемақы өзге де зейнетақы активтері сияқты сол тәртіппен инвестицияланады. Бұл қаражат салымшыға (алушыға) инвестициялық табыс әкеледі. 

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көзделген жалпы негіздерге сәйкес, салым иелері ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері түрінде БЖЗҚ-дан кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген қаражатын ала алады. Бұл талап ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар келесі салымшыларға қатысты:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

4) ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған зейнетақы жарналары бар тұлғалар.

Сонымен бірге, егер депозит иесі ҚДКБҚ-дан дәлелді себеппен төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда (салымшының әскери қызметке алынуы, оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуы, салым иесінің мұрасын қабылдау және мұраны иелену, мұрагерлікті ашуға қатысты өзге де себептер, депозит иесінің бас бостандығынан айыру орындарында болуы, сондай-ақ, сот белгілеген басқа да мән-жайлар) ол тікелей ҚДКБҚ-ға өтініш беру қажет. Бұл жағдайда БЖЗҚ ҚДКБҚ хабарламасы негізінде ҚДКБҚ кепілдік өтеудің талап етілмеген сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы