Кентаудағы дәмханадан уланған 92 адамның жағдайы қалай?

29 Маусым 2023, 15:36
608
Бөлісу:
Кентаудағы дәмханадан уланған 92 адамның жағдайы қалай?
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде Кентау қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Асылбек Өтебаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өтебаевтың айтуынша, қазіргі таңда қоғамдық дәмханада фаст-фудтан уланғандар саны 92 адамға жетті. Олардың қызыуы көтеріліп, іштері ауырған. Шағыммен келгендердің көбі пицца жеген және 25 адам амбулаториялық емдеуде.

Қазіргі таңда 67 адам науқас жатқызылды. Олар: 40 бала, 27 ересек адам, 3 жүкті әйел. Бәрінің жағдайы орташа ауыр. Ертеңгі күннен бастап жағдайлары жақсарса үйіне шығарыла бастайды, - деді Кентау қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.

Бүгінгі таңда науқастардың саны тұрақталып келеді. 

Өзгелердің жаңалығы