Кентауда алғашқы рет проктологиялық науқастарға аппаратты ота жасалды

27 Желтоқсан 2021, 20:43
1372
Бөлісу:
Кентауда алғашқы рет проктологиялық науқастарға аппаратты ота жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында бұрын соңды жасалынбаған ота Кентау қаласында сәтті өтті.

 Алматы қаласы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» хирургиялық инфекциялар бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Каленбаев Кентау қалалық ауруханасында аппараттық ота жасаудан мастер-класс өткізді.

Тәжірибенің мақсаты – проктологиялық науқастарға аппаратты отамен көмек көрсету. Бұл аппараттық ота аурудың 3-ші немесе 4-ші дәрежесінде ғана жасалады. Кентау қаласында бірінші рет қолданысқа енгізілуде. Проктологиялық науқастар тексеріліп, отаны қажет ететіндер сарапталды. Оның ішінде босанған аналарда жиі кездесетін ауру түріне сфинктеропластикалық ота алғаш жасалынды.

Аппараттың ерекшелігіне тоқталсақ, бұрын ота екі кезеңмен жасалса, қазіргі таңда бір ғана отамен емдеуге болады. Бүгінде бұл әдіс Нұр-Сұлтан, Алматы және тағы да басқа қалалар мен жеке клиникаларда көп қолданылады.

Аппаратты отадан кейін науқас бір күн өткен соң өзі тұрып жүре береді, ал хирургиялық жолмен жасалған отада ағза 1 ай көлемінде қалыпқа келеді, – дейді дәрігерлер.

Өзгелердің жаңалығы