Кентауда 4 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

3 Желтоқсан 2021, 14:38
1086
Бөлісу:
Кентауда 4 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кентау қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты аясында 4 153 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 30 адам даяшы және тігінші мамандығы бойынша оқыған. Бағдарламаның екінші бағыты «Бастау бизнес» жобасы бойынша Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы 178 адам кәсіпкерлік негіздерінде дәріс алған. 

«Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінің оқыту курстарынан өткен 116 үміткер грантпен қаржыландырылды. Олардың арасында табысы аз және көпбалалы отбасылардан шыққан азаматтар, еңбекке қабілетті мүгедектер және жастар бар.

2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобалар бойынша Кентау қаласында 2 нысан қолданысқа берілді. Аталған 2 нысанға 67 азамат жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаның барлық бағыты бойынша 213 еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі  азамат жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 5 адам, «Бастау-бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздерінде – 13 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқу арқылы – 2 адам, мемлекеттік грант арқылы – 6 адам, жастар практикасы бойынша – 10 адам, қоғамдық жұмыспен – 64 адам, тұрақты жұмыспен – 113 адам қамтылды.
Өзгелердің жаңалығы