Кентау трансформаторлары шетелге экспортталуда

9 Қаңтар 2020, 01:18
1577
Бөлісу:
Кентау трансформаторлары шетелге экспортталуда

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі Кентау қаласында орналасқан трансформатор зауыты 60 жыл ішінде  1 167 000 дана трансформтор өнімін шығарған. Олардың ішінде 80 МВт-тық трансформаторлар Астана қаласындағы ЕХРО–2017 көрмесi өткен ең маңызды аймақты жарықпен қамтамасыз етті.

Ресейдегі 5 трансформатор зауыты, Орта Азиядағы 2 трансформатор зауыты, Кавказдағы 2 трансформатор зауыты, Украинадағы 1 трансформатор зауыты дағдарыс кезінде банкрот болды. Ал, біз жыл өткен сайын жетістіктерімізді еселей түсудеміз. Бұл әріптестерімнің, бүкіл ұжымның ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында келген үлкен жеңіс, - деді Кентау трансформатор зауытының басқарма төрағасы Хайрулла Қожабаев.
Бүгінде кәсіпорында құрастырылған трасформаторлардың 40% Чехия, Латвия, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан, Армения, Грузия, Моңғолия мемлекеттеріне экспортталуда. 

Өндіріс орны өткен жылы өз тарихында алғаш рет 28 млрд теңге болатын табысқа қол жеткізді. Статистикаға сүйенсек, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 120%-ға артық орындалғандығын көрсетеді. Ал 2015 жылы табыс көлемі бар жоғы 11 млрд теңге болған.

Қайрат Зайнишев


Өзгелердің жаңалығы