Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

26 Ақпан 2022, 10:11
1494
Бөлісу:
Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажановқа қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімін әшкереледі. Ол 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге) сомасында пара алған, – деп жазылған ресми хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы