Кеңестік дәуірдің ащы шындығын көрсететін түбегейлі зерттеулер әлі де жеткіліксіз – Көшербаев

15 Қазан 2021, 11:13
2812
Бөлісу:
Кеңестік дәуірдің ащы шындығын көрсететін түбегейлі зерттеулер  әлі де жеткіліксіз – Көшербаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы  Қырымбек Көшербаев  профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.

Маңдайлы тарихшыларымыздың алдында тарихқа қатысты көкейде жүрген бірқатар мәселені ортаға салғым келеді.  Қазақстан тарихының Кеңестік дәуірі саяси әлеуметтік, этникалық қарама-қайшылықтарға, трагедия, драмаға толы болды. Тарихшылар алдағы уақытта осы тақырыптарды және басқа да зерттелуі керек дүниелерде тарихнамалық талдауларды көбейтуі керек, - деді ол.

Көшербаев кеңестік дәуірдің ащы шындығын ашып, көрсететін түбегейлі зерттеулер тәуелсіз Қазақстанда әлі де жеткіліксіз екенін айтты.

XX ғасырдың соңындағы ең үлкен жетістігіміз - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы. Бұл-бодандықтан құтылудың басы. Осы ұлттық жолда Алаштың ең ардақты азаматтары құрбан болды. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Кәсіби тарихшылар ешкімге жалтақтамай, ашық жаза алатын деңгейге жетті, - деді ол. 

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, қазір тарихшылар тарихқа жанашыр ретінде қараудың үлгісін көрсетіп жатыр.

Тарихта жаңа ізденістер пайда болды. Тарих ғылымында жаңа іргелі парақтар пайда болды. Қазақстан тарихын жан-жақты кешенді қарастыру керек. Сондықтан осы салада атқарылар шара да ауқымды, - деді Көшербаев.
Өзгелердің жаңалығы