Кенесары ханның бас сүйегі елге жеткізіледі

7 Сәуір 2021, 13:39
21592
Бөлісу:
Кенесары ханның бас сүйегі елге жеткізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға оралатын болды. Бұл туралы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мені ұлы ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына енгізді. Бүгін біздің ұлттық тарихымыздағы жаңа кезең туралы есеп басталады. Бүгінде біздің достас екі мемлекетіміз – Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихында тату көршілік және бейбіт қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетудің сапалық жағынан өзгеше кезеңі басталады. Мен Ресейдің Мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі Ресей сараптау комиссиясының құрамына кіруге шақырту алдым. Мен келісім бердім. Өйткені... ұлы Кенесары ханның бас сүйегі табылды! - деп жазды тарихшы.

 Ғалым өз жазбасында ханның басын табудың немесе қазіргі орналасқан жердің қыр-сырын жеткізе алмайтынын: кейбір формальдылықтар мен кішігірім дипломатиялық «нәзіктік» қажет екенін атап өтті.

Бірақ бұл бастама Ресейдің жоғарғы басшылығынан шыққаны анық, - деп жазды Зиябек Қабылдинов.

Айта кетейік, 2022 жылы қазақтың аңызға айналған билеушілерінің бірі Кенесары Қасымұлының (1802-1847) туғанына 220 жыл толады.

Тарихи деректерде  Кенесарының  1847 жылы қырғыз жеріндегі  Кекілік-Сеңгір аңғарында ұсталып, Жамбы ауы­лында өлтірілгені, денесі сонда қалдырылып, бас сүйегінің Омбыдағы Батыс-Сібір аймағының генерал-губернаторы, князь  Петр Горчаковқа апарып берілгені айтылады.


Өзгелердің жаңалығы