Кене шаққан 2388 адам медициналық көмекке жүгінген – ШҚО

11 Маусым 2022, 07:10
1362
Бөлісу:
Кене шаққан 2388 адам медициналық көмекке жүгінген – ШҚО

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының эндемиялық аумақтарында кене шақты деген 2388 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 30%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құраған. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кене шағудың 110 жағдайға төмендегені байқалады (2021 ж. – 2498 жағдай).

Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккендердің 93%-ы алды, қалған 7%-ы келесі себептерге байланысты алған жоқ, олар: медициналық көрсетілімдерге байланысты, кене энцефалитіне қарсы вакцинация алып қойғандар, эндемиялық емес аймақтардан жүгінгендер, өз еркімен бас тартқандар, кеш мерзімде медициналық көмекке жүгінгендер және т.б.

Биыл кене шағу маусымы басталғалы бері облыс аумағында кене энцефалитінің 2 расталған жағдайы Өскемен қаласында тіркелді. Науқастар кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегендіктен, профилактикалық мақсатта кенеге қарсы иммуноглобулин салынған жоқ. Қазіргі уақытта науқастар арнайы ем қабылдауда, – делінген ведомствоның мәліметінде.

Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті кене энцефалитінің алдын алу тек адамның өзіне, оның табиғаттағы сақтық шараларына байланысты екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы