Кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 614 арнайы навигациялық белгі орнатылды

16 Мамыр 2022, 19:50
1293
Бөлісу:
Кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 614 арнайы навигациялық белгі орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан су жолдары» РМҚК қажетті жол жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етті. 

Атап айтқанда, 2 614 арнайы навигациялық белгі орнатылды.   

Бүгінгі таңда Қазақстандағы кеме қатынасы су жолдарының жалпы ұзындығы 2 104 шақырымды құрайды. Республикадағы кеме тізілімінде 781 өзен кемесі мен 18 959 шағын көлемді кеме тіркелген.

Кеме қатынасы Іле-Балқаш, Ертіс және Орал-Каспий бассейндерінің кеме қатынасы аймақтарында жүзеге асырылады. Ал негізгі жүк тасымалдары еліміздің батыс аймағында орындалады. Тасымалданатын жүктердің негізгі номенклатурасын құм-қиыршықтас қоспасы (ПГС), шағылтас, құм, көмір, қиыршықтас, әлеуметтік жүктер мен балық өнімдері құрайды.

Су бассейіндері мен олардың учаскелері

  1. Ертіс су бассейні

- Қара Ертіс сағасы – Приозерное айлағы

- Приозерное айл. – Құйған айл.

- Құйған айл. – Бұқтырма ГЭС-і

- Бұқтырма ГЭС-і – Өскемен ГЭС-і

- Өскемен ГЭС-і – Төменгі Лопатинский қайр.

- Төменгі Лопатинский қайр. – Төм. Азовский қайр.

- Төменгі Азовский қайр. – Шүлбі ГЭС-і

- Шүлбі ГЭС-і – Семей

- Семей – Майтүбек

- Майтүбек – Павлодар

- Павлодар – Төменгі Алексеевский

  1. Жайық-Каспий су бассейні

- Кривостарицкий жары – Т. Барбастауский жары

- Жайық-Каспий арнасы – Атырау қаласынан (орталық қалалық автожол көпірі) кіреберіс буйға дейін

- Қиғаш өзен учаскесі

  1. Іле-Балқаш су бассейні

- Қапшағай су қоймасы – Сыналау аймағы

Шығыс бағытта:

- Балқаш – Аралтөбе

- Аралтөбе – Қарақұм

Оңтүстік-Батыс бағытта:

- Балқаш – Мыңарал

  1. Гидротехникалық құрылыстар

- Шүлбі шлюзі

- Бұқтырма шлюзі

- Өскемен шлюзі

Өзгелердің жаңалығы