Кедендік экспорт процедурасы әкімшілік кедергілерді туындатпауы керек

8 Маусым 2021, 14:58
2308
Бөлісу:
Кедендік экспорт процедурасы әкімшілік кедергілерді туындатпауы керек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық кеңестің экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Руслан Бекетаев Алматы қаласында өткен кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, кедендік экспортты контрабандадан қорғаймыз деп процедуралар арқылы әкімшілік кедергілерді туындатып алмау керек.

Кедендік экспорт процедуралары оңай шаруа емес, өте нәзік мәселе. Оның шығыны да көп. Сонымен қатар ол коррупциялық қауіпке де толы. Менің ойымша, ол алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты кедендік транзитіндегі контрабанда мәселесін шешпейді. Ресей мен Қазақстан шекарасында контрабанда, жалған экспорт бар, осы процедураны өткен соң, тауар шекара асады дегеннің барлығын түсінеміз. Дегенмен, кедендік салада тәжірибесі бар маман ретінде пломбалау мәселені шешпейтінін айта аламын. Мұнда да ол пломбаны кім шешеді, қалай шешіледі деген сұрақтар туындауда, қазір осы мәселелерді қарастырудамыз, - деді ол.

Оның айтуынша, ол өз тарапынан бұл кеден арқылы өтетін тауарларға электрондық пломба орнату туралы келісімді енгізу мәселесін жеделдетуді көтереді.

Бұл мәселе арқылы транзиттің ашықтығын да қамтамасыз ете аламыз. Алайда бұл контрабандамен күрестің емес, акциздің, ақпарат алмасудың әдісі мен шешімдері деуге болады, - деді ол.
Бұған дейін темекі және алкоголь өнімдерінің контрабандасымен күрестің тиімді әдісі айтылды.

Өзгелердің жаңалығы