Темекі және алкоголь өнімдерінің контрабандасымен күрестің тиімді әдісі айтылды

8 Маусым 2021, 14:34
2101
Бөлісу:
Темекі және алкоголь өнімдерінің контрабандасымен күрестің тиімді әдісі айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Электрондық пломбалау алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты кедендік контрабандамен күресте тиімді әдіс бола алады. 

Бұл туралы ҚР кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық кеңестің экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің кәсіпкерлермен кездесуі барысында JTI Kazakhstan мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі өкілі Дінмұхаммед Абсеметов айтты.

Оның айтуынша, экспорттың кедендік рәсіммен орналастырылған алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты кедендік транзит мәселесі маңызды.

Оның үстіне JTI Kazakhstan компаниясының өндірістік қуаты тек Қазақстанда емес, Ресейде де бар. Біз үшін контробандамен күрес үлкен мәселелердің бірі. Қазіргі күні онымен күресте электрондық пломбалау әдісі ұсынылып жатыр. Біздің ойымызша, бұл мәселені шешуде пломбалау тиімді механизм. Бұл орайда біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының электрондық пломбалау бойынша жұмыс пен бақылауды күштеу ұстанымын қолдаймыз. Және бұл келісімге неғұрлым ертерек қол қойылса, соғұрлым бұл мәселе де тезірек шешімін табар еді, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі күні контробанда көлемі тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде де өсіп келеді.

Акциздерді гормонизациялау - қабылданып жатқан тиімді шаралардың бірі. Бұл контрабандаға белгілі бір мөлшерде тосқауыл қойғанымен, бұл келісімді көптеген ел әлі ратификацияламады. Екіншіден, бұл контрабандамен күрестегі тек бір қадам. Электрондық пломбалау бұл мәселені тиімдірек шеше алады. Еуразиялық экономикалық кеңес бұл келісімнің тезірек қол қойылуына ықпал етсе екен дейміз, - деді ол.
Айта кетейік, Алматы қаласында өткен кәсіпкерлермен кездесу барысында Руслан Бекетаев кәсіпкерлермен есеп үшін емес, мәселе шешу үшін жиналып отырғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы