KazNedra платформасы қыркүйекте іске қосылады – Мусин

26 Тамыз 2022, 16:20
756
Бөлісу:
KazNedra платформасы қыркүйекте іске қосылады – Мусин

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кеше әріптестерім маған KazNedra бірыңғай жүйесінің пилоты мен ерекше қорғаудағы табиғат территориялары, жерасты сулары, гидротехникалық, инженерлік құрылыстар және т.б. функционалдарын көрсетті. Мұндай цифрлық сервисті енгізу арқылы жер қойнауын бақылау күшейтіліп, үдерістердің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Мысалы, қазір жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін түрлі мекемелерді аралап, анықтамалар жинау керек, ал сервис енгізілген жағдайда барлық процесс автоматтандырылады, – деді  министр.

Қойнау телімдерін іздеу, геологиялық ақпарат пен лицензиялар алу және т.б. онлайн түрде жүргізіледі. Сондай-ақ алдағы уақытта KazNedra платформасына тіркелу QR-код арқылы жүргізілетін болады.

Платформа бойынша жұмыс барысында әріптестерім бірқатар қиындыққа тап болды, мәселен, есептегі нысандардың орналасу кеңістігі туралы ақпараттың жетіспеуі немесе картографиялық қатпарлардағы деректердің толық болмауы сияқты мәселелер туындаған. Біз жүйенің сапалы жұмысын қамтамасыз ету үшін осы олқылықтардың орнын толтырып жатырмыз. Айта кету керек, KazNedra жобасы бойынша «Қазақстан Ғарыш сапары», «ҰАТ» АҚ, Экология министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Қазгеоақпарат» және т.б. мекеме қызметкерлері жұмыла жұмыс істеп жатыр. Жалпы, платформа барынша ыңғайлы және қолайлы етіп жасалуда. Пилот қыркүйекте іске қосылады, – деді Бағдат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы