Қазіргі таңда бірде-бір жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ – Сапарбаев

27 Тамыз 2021, 09:30
2894
Бөлісу:
Қазіргі таңда бірде-бір жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев  Жамбыл өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты. 

Көліктерге байланысты біз кеше теміржолмен жүруді тоқтаттық. Кеше біздің қалаға 2 жолаушылар пойызы келген болатын. Біз оларға автокөліктерді ұйымдастырып, оларды баратын жақтарына жөнелттік. Қазіргі таңда бірде-бір жолаушылар пойызы тоқтап тұрған жоқ. Қазір саперлар жұмыс істеп жатыр. Олар теміржолды тазартады. Одан кейін теміржолшылар өздері барып қарайды. Біз кейін бірлесіп шешім қабылдаймыз. Көліктерге айналма жол ұйымдастырдық. Негізгі жол уақытша жабық болады. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Халықтың сұрақтарына жауап беретін, кезекші штабтар жұмыс істейді. Олардың телефондарын тараттық. Ең бастысы - жағдай тұрақты, - деді ол. 

Сапарбаев мәселеге қатысты көп сұрақ болғанын айтты. 

Жағдай қазір тұрақты, бақылауда ұстап отырмыз, - деді Сапарбев. 

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Тараз қаласының мектептеріне 1200-ге жуық адам, яғни Байзақ ауданы Қайнар, Ботамойнақ, Жібек Жолы ауылдарының және Үшбұлақ станциясының тұрғындары көшірілді. 

Жамбыл облысындағы әскери қоймада тұтану фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 462-бабы (қару-жарақты, сондай-ақ айналадағылар үшін қауіп төндіретін заттар мен заттарды ұстау қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы