«Қазгидромет» ауа райына қатысты бірқатар өңірде ескерту жариялады

9 Қараша 2021, 21:45
838
Бөлісу:
«Қазгидромет» ауа райына қатысты бірқатар өңірде ескерту жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

10 қарашада Ақтөбе облысында күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

10 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Көкшетау қаласында 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі. 

Күндіз 10 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. 

Ақтау қаласында 10 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күннің соңында екпіні 15-18 м/с күтіледі. 

10 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. 

Орал қаласында 10 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Нұр-Сұлтан қаласында күндіз 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

10 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 15-20 м/с.


Өзгелердің жаңалығы