KazChess Awards: үздіктер марапатталды

13 Наурыз 2023, 12:17
1374
Бөлісу:
KazChess Awards: үздіктер марапатталды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы қаласында Қазақстанның шахмат қоғамдастығының үздік өкілдеріне KazChess Awards марапатын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Бұл марапат алғашқы рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Алмадыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан шахматының мықтыларын марапаттау тоғыз номинация бойынша өтті:

  1. «Әйелдер арасында жыл спортшысы» - әйелдер арасында жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.
  2. «Ерлер арасында жыл спортшысы» - ерлер арасында блицтен Азия Чемпионы Ринат Жұмабаев.
  3. «Жыл көшбасшысы» - 44-ші Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Жансая Әбдімәлік.
  4. «Жыл үздігі» - әйелдер арасында жылдам шахматтан вице-чемпионы Динара Сәдуақасова.
  5. «Жыл жаңалығы» – 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы Нөгербек Қазыбек.
  6. «Жыл үміті» - 14 жасқа дейінгі қыздар арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева.
  7. «Жыл ұйымдастырушысы» - Алматы облысы және Жетісу облысының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті Саят Егембердиев.
  8. «Жыл бапкері» - ҚР еңбек сіңірген бапкері және әлем, Азия және ҚР чемпиондарының және чемпионат жеңімпаздарының жетекшісі Ержан Шәкенов
  9. «Жыл төрешісі» -  Халықаралық класты судья Олег Ринас.
KazChess Awards: үздіктер марапатталды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов салтанатты рәсімнің алғысөзінде марапаттар иелерін құттықтады:

Өткен маусым бойы біздің спортшылар жарыстарда керемет нәтиже көрсетті. Әрбір жеңістің артында ата-ана, бапкерлер штабы сіңірген және, сөзсіз, спортшылардың өздері атқарған қажымас еңбек жатыр. Сол үшін де біз шахмат қоғамдастығының үздік өкілдерінің сіңірген еңбектерін мойындау үшін осы марапатқа бастама жасадық. Біздің спортшыларымыз, әлемдегі ең мықты спортшылардың бірі, олар өз жетістіктерімен Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуда. Бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақты шахматпен айналысуға әрі бұдан да орасан зор жеңістерге қолжеткізуге ынталандырып, оларға нағыз үлгі болып келеді. Бұл марапат – біздің елімізде шахматты дамыту мен қолдау бойынша ауқымды әрі кешенді жұмыстардың бір бөлігі, сол арқылы біз көрнекті споршыларымыздың арасынан әлі-ақ нағыз саңлақтарды тәрбиелеп шығарамыз, – деді Т.Турлов.

ҚР шахмат федерациясының президенті өз сөзінде елордамыз Астанада 2023 жылдың 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін шахматтан алдағы ФИДЕ әлем чемпионатының маңыздылығын атап өтті. Ол Қазақстанның астанасында өтетін әлемнің ең мықты шахматшыларының жекпе-жегі аталған спорт түрін біздің елімізде танымал етуге ықпал етеді деп сенім білдірді. Ол сондай-ақ ұлттық шахмат федерациясы биылғы жоспарларымен де бөлісті:

Қазақстанда шахмат секцияларының санын 14 мыңға дейін екі есе ұлғайту, мектепке дейінгі жарыстар, балалар кубогын, сондай-ақ мектеп, университет және тіпті корпоративтік лигалар өткізу;

Сапалы инфрақұрылымды дамыту, оның аясында ҚШФ офистерін, Астана мен Алматы қалаларында заманауи шахмат мектебін ашу жоспарланған. Аталған объектілер дарынды жасөспірімдер, ұлттық құрама мүшелері, сондай-ақ әлемнің бүкіл жерінен келетін әйгілі қонақтар жиналатын орын болады деп күтіледі.

Аса дарынды әрі болашағы зор шахматшыларға жан-жақты қолдау көрсету, оның ішінде 50 стипендия бөлу.

Өзгелердің жаңалығы