Қазан мектебіндегі атыс: Хирургтар 9 жастағы баланың омыртқасынан оқ алып шықты

14 Мамыр 2021, 21:56
3073
Бөлісу:
Қазан мектебіндегі атыс: Хирургтар 9 жастағы баланың омыртқасынан оқ алып шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 мамыр күні таңда 9 жастағы балаға 5 сағаттық операция жасалды. Хирургтар оның омыртқасынан мылтық бытырасын алып шықты. Қазір баланың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр екен.

Бұдан бөлек 14 мамырда Бурденко атындағы нейрохирургия орталығында Қазан мектебіндегі атыс кезінде зардап шеккен оқушыға операция жасалды. Қыздың омыртқасы жаншылып барып сынған көрінеді. Қазір оның жағдайы тұрақты. 9 жасар жеткіншек медицина қызметкерлерімен сөйлесіп, тіпті арасында жымиятын да болыпты.

Қазан мектебіндегі атыс: Хирургтар 9 жастағы баланың омыртқасынан оқ алып шықты

Мектептегі төтенше жағдай кезінде ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын. Қазанда оқушыға алғашқы көмек көрсетілді, кейін оны Мәскеуге ауыстырды. Қазір операциядан кейін дәрігерлер оң болжамдарын жасап жатыр. 10 күн шамасында оқушы үйіне жіберілуі мүмкін.

Бурденко атындағы нейрохирургия орталығының ұлттық медициналық зерттеу орталығының директоры Дмитрий Усачев Россия 24 каналына сұхбат беріп, қыздың емі қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

Жұлын тұсындағы компрессия жойылғаннан кейін ошақты симптоматика да жоғала бастады. Оның емінің динамикасы жақсы деп ойлаймын. Жалпы операция дер кезінде жасалды, - дейді ол.

Оның айтуынша, неврологтар мен балалар психологтарының бірлескен жұмысының арқасында қыздың эмоционалдық жағдайы тұрақталды. Усачев оқушы госпитальге түскен кезінде шок жағдайында болып, мүлдем сөйлемей қойғанын айтты.

Жақында ТЖМ ұшағы ел астанасына жалпы 9 адамды жеткізді. Олардың басым бөлігінің жағдайы ауыр болды. 

Айта кетейік, Қазанның 175-гимназиясында 11 мамыр күні қайғылы жағдай болды. Мектепке оның бұрынғы түлегі - 19 жастағы Ильназ Галявиев келіп, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам көз жұмып, 20-дан астам адам ауруханаға түсті. 

Галявиев тұтқындалды. Оған қатысты РФ ҚК 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған істі тергеумен РФ Тергеу комитетінің орталық аппараты айналысып жатыр.

Жақында қылмыскердің әпкесі оның қандай бала болғанын айтып берді.

Өзгелердің жаңалығы