Қазақстанның тағы бір спортшысы допинг дауына ілікті

19 Қаңтар 2021, 12:20
1476
Бөлісу:
Қазақстанның тағы бір спортшысы допинг дауына ілікті

Алматы, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Ниджат Рахимов допингке қатысты спорттан уақытша шеттетілді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Разимовқа 2016 жылы тексеріс кезінде зәрін ауыстырды деген айып тағылып жатыр.

2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлет Ниджат Рахимов Қазақстан атынан өнер көрсетіп, чемпион атанған. Халықаралық ауыр атлетика ферерациясы (IWF) спортшыны допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан уақытша шеттеткенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, дәл осындай айыптаумен Еуропа-2017 чемпионы румындық Думитру Каптари де спорттан шеттетілді.

Айта кетсек, 2013 жылы Рахимов допингке қарсы ережені бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілген болатын.

Өзгелердің жаңалығы