Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экспорттық әлеуеті 1 млрд долларды құрайды - Сұлтанов

30 Наурыз 2021, 10:52
1918
Бөлісу:
Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экспорттық әлеуеті 1 млрд долларды құрайды - Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сауда және интеграция министр Бақыт Сұлтанов Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары боййынша өткен Үкімет отырысында  айтты.

Солтүстік Қазақстан облысын дамыту жөніндегі Кешенді жоспардың 53-тармағында сауда-логистикалық хаб құру көзделген.Аталған жоба іске асыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Ұлттық тауар өткізу жүйесі аясында көтерме-тарату орталықтары құрылады. Екінші кезеңде ол сауда-логистикалық хаб ретінде қайта құрылады, - деді Сұлтанов. 

Министр қазіргі уақытта Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың бірінші кезеңі Ұлттық экономика министрлігінің экономикалық сараптамасы аяқталу сатысында екенін айтты.

Құрылыс жұмыстары сәуір айына жоспарланған.Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың екінші кезеңі
7 көтерме-тарату орталықтарын, оның ішінде Петропавл қаласындағы сақтау – көтерме-тарату орталығын құруды көздейді.Бірінші кезеңде жинақталған тәжірибені ескере отырып, құрылыс жұмыстары қыркүйек айына жоспарланған, - деді ол. 

Министр айтқандай, Қазақстанның солтүстік өңірлерінің экспорттық әлеуеті Ресейдің Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс өңірлеріне шамамен 1,0 млрд долларды құрайды.

Осыған байланысты Петропавл қаласындағы көтерме-тарату орталығын толыққанды өнеркәсіптік, сауда және логистикалық хабқа одан әрі дамытуға көзделіп отыр. Хабтың мамандануын Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ минералдар, көмір, цемент және басқа да тауарларды жүзеге асыруға бағыттауды ұсынамыз, - деді ол. 

Сұлтанов хаб ресейлік кәсіпорындармен өнеркәсіптік кооперация жүзеге асырылатын алаң ретінде қарастырылып жатқанын айтты.

Сондай-ақ, басқа көршілес елдермен бірігіп қалыптастырылып жатқан сауда хабтарымен өзара байланыс пен синергия қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда.Солтүстік Қазақстан облысы 592,3 мың тонна картоп және 37 мың тонна сәбіз өндіреді. Кәсіпорындардың үлесі шамамен 100 мың тоннаны құрайды, ал қалған бөлігі жеке үй шаруашылықтар арқылы өндіріледі, - деді ол. 

Ол атағандай, Петропавл қаласында сақтау  көтерме-тарату орталығын құру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 50 км радиуста сақтау алаңдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және Мағжан Жұмабаев атындағы ауданды, Қызылжар, Мамлют, Аққайың аудандарын қамтиды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен Петропавл қаласына жер телімін бөлу мәселесі пысықталды. 21,3 га алаңда қоймалар мен теміржол бекеті бар.

Министр сауда-логистикалық хабты құру өңірдің дамуына, бәсекеге қабілетті өндірістерге, өнімнің жаңа түрлерін игеруге, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және инвестициялар тартуға қосымша серпін беретінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы