«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

22 Қазан 2021, 20:58
1077
Бөлісу:
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық жобаның әр жылдардағы жеңімпаздары бірігіп, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығын құрды. Қауымдастықтың ашылу салтанаты 22 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтті.
 

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарды бас қосқан жиналыста қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, қауымдастықтың мүшелігі, ұйымдастырушылық мәселелері, құрылымы секілді бірқатар сұрақтар талқыланды. Сонымен қатар, ұйымның және атқарушы органның құрамы анықталды. Қауымдастықтың даму стратегиясы талқыланып, бірлестік жұмысының негізгі қағидаттары айқындалды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

Қауымдастықтың негізгі мақсаты – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «100 жаңа есім» жобасы жеңімпазадрының күштері мен тәжірибелерін біріктіре отырып, қазақстандық жастардың белсенділігін арттыру.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

Ассоциация қызметі медицина, білім және ғылым, мәдениет пен спорт, бизнес және экология салаларын қамтып, Қазақстан Республикасының барлық аймақтарына жүзеге асатын болады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

Сондай-ақ, жиналысқа қатысушылар Ұлттық жобасының барлық белсенді жеңімпаздарына «Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығына мүше болуға үндеу тастады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қауымдастығы құрылды

Қауымдастықтың негізгі қозғаушы күші жобаның белсенді жеңімпаздарынан тұратын еліміздің көрнекті және болашағы зор кәсіби мамандар қоғамдастығы болды, олардың қатарында ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, дизайнерлер, мәдениет қайраткерлері мен бизнес иелері бар.
 

Өзгелердің жаңалығы