Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері қаза болды

17 Желтоқсан 2019, 16:34
2863
Бөлісу:
Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР cыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Е. Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

ҚР cыртқы істер министрлігі Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Е. Жолдасовтың қазасы туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта осы елдің прокуратурасы қажетті тергеу шараларын жүргізуде. Осыған байланысты тергеу нәтижелері бойынша ресми ақпарат пайда болмас бұрын, бұл трагедияға қатысты әртүрлі интерпретация мен негізсіз ақпарат таратудан бас тартуды сұраймыз. Министрліктің өкілдері Египетке тергеуге қатысу үшін жіберілді. Толық ақпарат ү.ж. 18 желтоқсанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресми өкілінің брифингінде беріледі. Министрлік Е. Жолдасовтың туыстары мен жақындарына шын ниетімен көңіл айтады және дипломаттың отбасына барлық көмек көрсетеді, - делінген жарияланған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы