Қазақстанға ұшып келген 245 адам карантинге жіберілді

<h4> Алматы, BAQ.KZ. COVID-19-ға&nbsp;қарсы ПТР тесттен өтпеген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар&nbsp;дәрігер&nbsp;Садуақас Байғабұлов мәлімдеді.<br> </h4>

 18 Қазан 2020 2020, 11:48
18 Қазан 2020 2020, 11:48
1778

Алматы, BAQ.KZ. COVID-19-ға қарсы ПТР тесттен өтпеген 245 жолаушы карантинге жіберілді. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабұлов мәлімдеді.

18 қазанға қараған түні елімізге 14 халықаралық рейспен 1969 жолаушы ұшып келген, олардың 1724-де ПРТ тесттен өткені туралы анқытама болса, 245-де болмаған.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласына 6 рейспен 852 жолаушы ұшып келген, ондағы 717 адамда анықтама бар, 135-де жоқ. Алматыға 7 рейспен 981 жолаушы келген, анықтамасы барлар – 885, анықтамасы жоқтар – 96. Шымкентке 1 рейспен 136 жолаушы келген, ондағы 14 адамда тесттен өткендігі туралы анықтама болмаған.

Бұдан Қазақастанға ұшып келген жолаушылардың 87 пайызы ПТР тестен өткенін көруге болады.


Наверх