Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 93 азамат ұшып келген

29 Қараша 2020, 12:47
1401
Бөлісу:
Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 93 азамат ұшып келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелден келген жолаушыларда коронавирус анықталған жоқ, деп хабарлады Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

28 қарашада Қазақстанға Германия, Египет, БАӘ, РФ, Түркия, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сәйкес, 1 337 авиажолаушының 1244-і ПТР - тестілеудің теріс нәтижесі бар, анықтамасыз 93 ҚР азматы бар.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 820 жолаушы, анықтамалары бар - 813, анықтамалары жоқ-7.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 448 жолаушы, анықтамалары бар-387, анықтамасыз - 61;

Ақтөбе қаласының әуежайына-1 рейс, 69 жолаушы, анықтамалары бар - 44, анықтамалары жоқ - 25.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 93 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы