Қазақстандықтардың ажырасу себебі неде?

2 Сәуір 2021, 19:40
6048
Бөлісу:
Қазақстандықтардың ажырасу себебі неде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 2020 жылы елімізде 128,8 мың неке қиылған, 2019 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға аз. Анықтама үшін айта кетейік: ең көп неке 2013 жылы қиылған еді. Қаңтар–желтоқсан айларында 168,4 мың, бұдан әрі көрсеткіш біртіндеп төмендей берді.

АХАТ органдарының деректері бойынша ажырасу саны (некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда) 2020 жылы 22,5 мың, бұл ретте 2019 жылы елімізде жиынтығында 59,8 мың ажырасу тіркелді. 

2019 жылға қарай (толық мәліметтер бар соңғы жыл) некенің ажырасуға қатынасы қатынасы 2,33-ке дейін қысқарды, 2009 жылы бұл көрсеткіш 3,57 болған. Яғни, 2009 жылы 100 ажырасу үшін 357 неке қиылса, ал 2019 жылы 233 неке қиылған. 

Қазақстандықтардың ажырасу себебі неде?

2020 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында ең көп неке Алматыда тіркелген 15,8 мың, одан кейін Түркістан (13,5 мың) және Алматы облысы (13 мың). 

Ажырасу бойынша (сот шешімдерін есептемегенде) Алматы «көшбасшы» болып тұр (3 мың), одан кейін Алматы (2,5 мың) және Қарағанды (2,2 мың) облыстары тұр. 

  Бір жыл ішінде неке санының едәуір қысқаруы Шымкентте (17%-ға), сондай-ақ еліміздің солтүстік өңірлерінде: Солтүстік Қазақстан (14,9%-ға) және Қостанай (14%-ға) облыстарында байқалды. Неке санының өсуі тек Қызылорда облысында ғана тіркелген, оның өзінде тек 1% ғана. 

Неке мен ажырасудың арақатынасына келетін болсақ, 2019 жылы көрсеткіштер Түркістандағы (1 ажырасу бойынша - 4 неке), Атырау (3,34) және Маңғыстау (3,14) облыстарындағы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Еліміздің солтүстік өңірлерінде жағдай басқаша: Қостанай облысында некенің ажырасуға қатынасы 1,63, Павлодарда - 1,64, Ақмолада - 1,67, Солтүстік Қазақстанда - 1,73 құрады. 

Қазақстандықтардың ажырасу себебі неде?

«Қазақстандық отбасылар — 2020» ұлттық баяндамасына сәйкес, Қазақстандық қоғамдық даму институтының деректері бойынша, сауалнама жүргізу барысында ажырасудың ең маңызды себебі, респонденттердің көпшілігінің пікірінше, отбасындағы зорлық-зомбылық (сұралғандардың 43,2%) болып саналады. 

Қазақстандықтардың ажырасу себебі неде?

Ажырасудың тағы маңызды себептерінің бірі ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдік пен есірткіге тәуелділігі (респонденттердің 39,7%) және опасыздық (35,9%) жатады.


 



Өзгелердің жаңалығы