Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне арнап челлендж бастады

16 Желтоқсан 2020, 12:19
3222
Бөлісу:
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне арнап челлендж бастады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ.  Қазақстан халқы Тәуелсіздік мерекесіне орай көк туымызды кеңінен дәріптеуде.

Кейбір тұрғындар балкондарына көк туды іліп қойса, тағы бірі тумен түскен фотоларын әлеуметтік желіге жариялауда.

Тіпті шетелде жүрген танымал журналист Бибігүл Жексенбай үйінің балконына туды іліп қойған фотосын жариялап, Қазақстан жұртшылығын бүгінгі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Құрметті достар! Қазақстан Тәуелсіздігі күні құтты болсын. Еліміздің ең қастерлі мейрамы қарсаңында Осло төріне көк байрағымызды іліп қойдым! Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін! Әлеуметтік желіні жылына бір күн осындай көк сары түске ендіріп, көк туымызды желбіретейік! Құрметті достар, осы челленджге баршаңызды шақырамын! - деп жазды журналист.


Сонымен қатар елімізге танымал актриса Гүлшарат Тутова да бетіне тудың бейнесі салынған фотосын әлеуметтік желіге жариялап, «Мен Тәуелсіз елімнің анасымын!» деген пост жазған

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне арнап челлендж бастады

Әлеуметтік желіден үйдің балконына туды ілу челленджіне қолдау көрсетіп жатқандарды көруге болады. Бұл челлендж еліміздің көптеген қаласында жүріп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы