Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады

28 Маусым 2021, 10:59
2552
Бөлісу:
Қазақстандықтар шілде айында неше күн демалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар он бір күн демалады. Осы айда Қазақстанда елорда күні мен Құрбан айт мерекесі атап өтіледі.

Үкімет қаулысына сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 4, 5 және 6 шілде күндері демалса, ал аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 4 және 6 шілде күндері демалады.

Әрі қарай Құрбан айт 20 шілдеге түсіп тұр, яғни осы күні қазақстандықтар демалатын болады.

6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. 1998 жылдың осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмола Астана деп атала бастады. 2019 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Бұрын Астана күні 10 маусымда қалалық деңгейде аталып өтетін. 2006 жылы мереке 6 шілдеге ауыстырылды: ресми ақпарат бойынша, дәл осы күні 1994 жылы астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданды. 6 шілде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

2021 жылы Құрбан айт 20-22 шілде аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы