Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр, олардың орнына кімдер келіп жатыр

7 Маусым 2021, 11:20
5309
Бөлісу:
Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр, олардың орнына кімдер келіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус Қазақстандағы көші-қон процестеріне қалай әсер етті. 

Finprom.kz сарапшылары бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша елге 2,1 мың адам келіп, 5,5 мың адам елден кеткен. 

Қазақстанға келгендер арасында 1,6 мың адам еңбекке қабілетті азаматтар. Сол уақытта елден  бірден еңбекке қабілетті 4 мың адам кетті. Сондай - ақ, елге 15 жасқа толмаған 204 бала келсе, ал осы жастағы 1,3 мың адам елден кеткен, - делінген зерттеуде. 

Келгендердің ішінде 204 адам жұмыс мақсатымен, 11 адам оқуға байланысты келген екен. Кеткендер арасында 301 адам жұмысқа, ал 53 адам оқуға кеткен. 

Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр, олардың орнына кімдер келіп жатыр

Кеткендердің 82%-ы ТМД елдеріне кеткен екен, 4,5 мың адам. Оның ішінде 4,4 мың адам Ресейге кеткен. Сондай-ақ Өзбекстан мен Беларусь мемлекеттеріне де көптеп кеткен. 

Әлемнің басқа елдеріне кенткендер  18% немесе 995 адам кеткен. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 30,2%-ға көп. Оның ішінде 745 адам Германияға кеткен. Израиль мен Польшаға да кеткендер бар.

Елге ТМД елдерінен 1,7 мың адам келді. Оның ішінде 851 адам Ресейден, 518 адам Өзбекстаннан, 125 адам Қырғызстаннан келді, - деп нақтылады сарапшылар. 

ТМД құрамына кірмейтін әлемнің басқа елдерінен 350 адам келген. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,5 есе аз. Оның көп бөлігі Қытайдан, Түркиядан және Ауғанстаннан келген. 

Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр, олардың орнына кімдер келіп жатыр

Елден көбіне  жұмысқа қабілетті «техник» мамандар кеткен екен. Осы жылдың үш айында 933 адам кетіп қалған. бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,3%-ға аз. Сондай-ақ, елден 466 экономист, 249 педагог, 186 дәрігер, 113 заңгер кетті, - деп қосты сарапшылар. 
Елге барлығы 244 «техник», 126 экономист, 70 педагог, 62 дәрігер, 48 заңгер келген.

Қазақстандықтар қайда кетіп жатыр, олардың орнына кімдер келіп жатыр

Өзгелердің жаңалығы