Қазақстандықтар 2,1 трлн теңге зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсаған

9 Желтоқсан 2021, 09:22
993
Бөлісу:
Қазақстандықтар 2,1 трлн теңге зейнетақы жинақтарын баспана алуға жұмсаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері жыл басынан бері 3,7 пайызға ұлғайып, осы жылғы қарашаның соңында 13,4 трлн теңге болды. Биыл 7 қарашада салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу үшін орындалған өтініштерінің саны 2,2 трлн теңге сомасына 636,6 мың өтінішті құрады. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешуге 2,1 трлн теңге тиесілі болды, - деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, осы жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша инфляция 7,8 пайыз болған кезде 11 пайыз мөлшерінде кірістілік алынды.

Осылайша, жылдың басынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары үшін 3,2 пайыз мөлшерінде нақты кірістілік қамтамасыз етілді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы